Мектеп оқушысына «Адам өлтіруге оқталу» бабы бойынша іс қозғалды

Мектеп оқушысына «Адам өлтіруге оқталу» бабы бойынша іс қозғалды

Мектеп оқушысына «Адам өлтіруге оқталу» бабы бойынша іс қозғалды
ашық дереккөзі
27 қаңтарда Ақтөбе облысы Шалқар қаласында мектептің жоғары сынып оқушыларының арасында жанжал шығып, 16 жастағы жасөспірім пышақ жарақатын алды, – деп хабарлайды Polisia.kz. Полиция төбелеске қатысқандардың барлығын анықтады. Қылмыс жасады деген күдікпен 9-сынып оқушысы ұсталды. Осы дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 99-бабы («Адам өлтіруге оқталу») бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.