Ресейде «Президент» атауын «Жоғарғы билеуші» деп өзгерту ұсынылды

Ресейде «Президент» атауын «Жоғарғы билеуші» деп өзгерту ұсынылды

Ресейде «Президент» атауын «Жоғарғы билеуші» деп өзгерту ұсынылды
ашық дереккөзі
РФ Конституциясына түзетулер әзірлеу жөніндегі жұмыс тобы елдің негізгі заңына 100-ден астам жаңа бап енгізуді ұсынды, – деп жазды «Российская газета». – Мәселен, олардың ішінде мемлекет басшысы лауазымы атауын «Жоғарғы билеуші» деп өзгерту ұсынылған. Я болмаса, заңнамалық бастамашыл құқығына ие субъектілердің санын көбейту. Естеріңізге сала кетейін, қазірдің өзінде олардың саны жеті жүзден асады, – деді Конституцияға өзгерістер енгізу туралы РФ заң жобасы бойынша Президенттің ресми өкілі Павел Крашенинников. Оның айтуынша, жұмыс тобының технологиясы әлі жетілдіріледі. Әрі қарай мұның бәрі бір-біріне кіріктіріліп, Президентке ұсынылады, ал ол ондағы кейбір түзетулер Мемлекеттік Думаның қарауына берілмек. 15 қаңтарда Путин Федералды жиында РФ Халқына жолдау жасап, ел конституциясына бірқатар өзгертулер енгізуді ұсынды. 20 қаңтарда Ресей президенті Мемлекеттік Думаның қарауына Ресей Федерациясының конституциясына өзгерістер енгізу туралы заң жобасын ұсынды. Ол 23 қаңтарда бірінші оқылымда бірауыздан қабылданды.