Коронавирустың алдын алу мақсатында «Қорғас» шекарасы жабылды

Коронавирустың алдын алу мақсатында «Қорғас» шекарасы жабылды

Коронавирустың алдын алу мақсатында «Қорғас» шекарасы жабылды
ашық дереккөзі
Алматы облыстық әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметінше, «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастық халықаралық орталығы қытайдағы коронавирустың алдын алу мақсатында 15 ақпанға дейін жабылады.  Қазақстан Қытайдағы коронавирусқа байланысты қорғаныс шарасын қабылдады. «Алматы облысында ҚХР-мен алты шекара пункті бар. Бүгін өңір басшысының тапсырмасымен облыс әкімінің орынбасары Батыржан Байжұманов барлық шекара пунктерін тексерді», – делінген әкімдік таратқан хабарда. Мемлекеттік шекарадағы барлық өткізу пункттерінде санитарлық-эпидемиологиялық және көші-қон бақылауы күшейтілген. Стационарлық тепловизорлармен жабдықталған медициналық қызметкерлер іс-сапарға жіберілді, обаға қарсы костюмдер, оқшаулағыштар бар. Алакөл, Ұйғыр және Панфилов аудандарының орталық аудандық ауруханаларында науқастар түскен жағдайда қосымша резервтік төсек орын қойылды. «Соңғы жағдайға байланысты Алматы облысының басшылығы Үкіметке «Қорғас» ШЫХО-ны уақытша жабу туралы бастамамен шықты. Премьер-министр бұл ұсынысты қолдады. Бұл жерде тек Қазақстан тарапынан күніне келушілер саны 3,5 мың адамға жетеді. Қытай тарапынан – жеті мыңға дейін. Осыған байланысты «Қорғас» ШЫХО 15 ақпанға дейін жабылады. Қажет болған жағдайда мерзімі ұзартылатын болады. Қытай тарапы бұған түсіністікпен қарап отыр», – деді Бауыржан Байжұманов.