Нұр-сұлтан әуежайында 32 рейс кейінге шегерілді

Нұр-сұлтан әуежайында 32 рейс кейінге шегерілді

Нұр-сұлтан әуежайында 32 рейс кейінге шегерілді
ашық дереккөзі
Нұрсұлтан Назарбаев әуежайына ұшып келетін және кететін рейстердің барлығы ауа райының қолайсыздығы мен көру мүмкіндігінің нашарлауына байланысты кейінге шегеріліп жатыр. Аэропорт 27 қаңтарда, бүгін 11:00-де ашылады, – деп жазды Tengrinews.kz.  Желдің жылдамдығы секундына 20 метр, екпіні секундына 24 метрге дейін жетеді. Ауа райының болжамы бойыша желдің жылдамдығы секундына 27 метрге дейін жетеді екен. 19 ішкі рейс және 13 халықаралық рейс кейінге шегерілді. 14 ішкі рейс пен 4 халықаралық рейсті мүлде алып тастады. Нұр-Сұлтаннан қосалқы аэродром арқылы ұшып шыққан рейстер:
  • КС991 Алматы-Нұр-Сұлтан. Алматыдағы қосалқы әуежайға
  • DV742 Ақтау-Нұр-Сұлтан. Шымкенттегі қосалқы әуежайға
  • КС955 Алматы-Нұр-Сұлтан. Алматыдағы қосалқы әуежайға
  • IQ388 Шымкент-Нұр-Сұлтан. Қарағандыдағы қосалқы әуежайға
  • КС208 Дубай-Нұр-Сұлтан. Алматыдағы қосалқы әуежайға
  • B2775 Минск-Нұр-Сұлтан. Қарағандыдағы қосалқы әуежайға
  • КС224 Париж-Нұр-Сұлтан. Алматыдағы қосалқы әуежайға
  • КС922 Франкфурт-Нұр-Сұлтан. Алматыдағы қосалқы әуежайға
  • КС942 Лондон-Нұр-Сұлтан. Алматыдағы қосалқы әуежайға
Әуежайдың анықтама бюросы 8(7172)702-999 және 1333 (стационарлық телефоннан). Аэродром 2020 жылдың 27 қаңтарында 02:40-тан 11:00 жабық болады. Жергілікті уақыт бойынша ары қарай жабық ұстау уақыты ұзаруы да мүмкін.