Имидждік шараларға бөлінетін қаржы қысқарды

Имидждік шараларға бөлінетін қаржы қысқарды

Имидждік шараларға бөлінетін қаржы қысқарды
ашық дереккөзі
Президенттің тапсырмасы бойынша имидждік шараларға бөлінетін қаржы қысқартылды. Осының арқасында 30 миллиард теңге оңтайландырылды. Дәл осындай тиімсіз шығындарды анықтау шаралары квазимемлекеттік секторында да жүргізіледі. Бұл туралы Үкіметтің кеңейтілген отырысында айтылды. – Үкіметке осы жылдың 1 мамырына дейін жұмыс нәтижелерін баяндауды тапсырамын. Маңыздылығына сәйкес кейінге қалдыруға болатын шығындарды анықтауы қажет. Соның бастамасы ретінде қымбат көліктер мен жиһаздарды сатып алуға, түрлі форумдар, семинарлар мен конференциялар өткізуге ұзақ мерзімді мараторий жариялауды ұсынамын. Елімізде өтетін шаралар практикалық және идеологиялық тұрғыдан нақты пайдалы болуы керек, – деді Мемлекет басшысы.