Еңбекке қабілетті азаматтар ұсы­нылған жұмысты істемейтін бол­са, әлеуметтік кө­мектен қағылады

Еңбекке қабілетті азаматтар ұсы­нылған жұмысты істемейтін бол­са, әлеуметтік кө­мектен қағылады

Еңбекке қабілетті азаматтар ұсы­нылған жұмысты істемейтін бол­са, әлеуметтік кө­мектен қағылады
ашық дереккөзі
Президенттің төрағалығымен өткен Үкімет отырысын­да Премьер-Министрдің орынбасары Бердібек Са­пар­баев көпбалалы отбасыларға төленетін жәрде­ма­қы­ның жаңа жүйесін түсіндірді. – 1 қаңтардан бастап 372 мың отбасына 17 миллиард тең­ге арнайы мемлекеттік жәр­­­­­демақы төленеді. Екінші атау­­лы әлеуметтік көмек те бол­­жам бойынша ең кемі жүз мың отбасыға беріледі. Бұл жер­дегі ерекшелік мынау: егер жұ­­мысқа қабілетті азаматтар ұсы­нылған жұмысты істемейтін бол­са, онда атаулы әлеуметтік кө­мектен қағылады. Қосымша аз қамтылған отбасылардың ба­лаларына кепілдендірілген әлеу­меттік пакет осы айдан бастап бері­ле бастайды. Бұл көмекпен ең кем дегенде 200-ге жуық от­ба­сы немесе 600 мың бала қам­ты­лады, – деді вице-премьер. Бердібек Сапарбаевтың айтуын­ша, былтыр 8 мың отбасы бас­панамен қамтылған. Биыл кем дегенде осындай 11 мың отбасыға пәтер берілмек. Сондай-ақ вице-премьер 1 қаңтардан бастап 770 мың мұғалімнің және әлеумет, мә­дениет, спорт, архив саласы қыз­меткерлерінің жалақысы 30 пайызға ұлғайғанын айтты. Биыл зейнетақы, жәрдемақы көлемі де орта есеппен 7-20 пайызға кө­­­бейген. Бұған дейін Нұр-Сұлтан мен Шымкентте көпбалалы әйелдер жаңа жылдан бастап күшіне ен­ген атаулы АӘК-тің жаңа жүйе­сіне наразылық білдірген еді. Олар әрбір балаға төленген 21 мың теңгелік жәрдемақыны қай­таруды талап еткен. Ал жаңа жүйе бойынша әр балаға 10 500 теңгеден беріледі. Айта кетейік, 2020 жылғы рес­публикалық бюджеттің жар­тысына жуығы әлеуметтік са­лаға жұмсалады. Биыл шамамен бюджеттің 46 пайызы, яғни 6 трлн теңгеден астам ақша тұр­м­ы­сы нашар халықты асырауға бө­лінеді. Жоспар бойынша 2022 жыл­ға таман бұл көрсеткіш 54 пайыз­ға жетпек.