Жаңа заң: "Байқоңырды" жалға беру шарты өзгерді

Жаңа заң: "Байқоңырды" жалға беру шарты өзгерді

Жаңа заң: "Байқоңырды" жалға беру шарты өзгерді
ашық дереккөзі
Сенаттың жалпы отырысында «2004 жылғы 22 желтоқсандағы ҚР Үкіметі мен РФ Үкіметі арасындағы «Байқоңыр» ғарыш айлағында «Бәйтерек» ғарыш зымыран кешенін құру туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі хаттаманы ратификациялау туралы» Заңы қабылданды.  Бастапқыда жобаны «Ангара» ресейлік зымыранның негізінде іске асыру жоспарланған еді. Алайда «Ангара» уақытында дайын болмаған. Мәселені қосымша пысықтаудың нәтижесінде тараптар жобаны «Союз-5» зымыраны негізінде іске асыруды шешкен. Осылайша Ресей Федерациясы зымыранды жасау ісіне жауап берсе, Қазақстан жерүсті инфрақұрылымын қамтамасыз етеді. «Осы жобада Ресей тарапы «Союз-5» зымыранды, техникалық және старттық кешендерінде бақылау-тексеру жабдықтарын құруды, сондай-ақ үдемелі блоктың техникалық кешенін, ғарыш аппаратын және ғарыштық бастиек бөлігін жаңғыртуды қамтамасыз етеді. Осы жұмыстар 916 млн АҚШ доллары сомасында бағаланды», – деді ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев. Старттық және техникалық кешендерді жаңғырту, жұмыс істеп тұрғандарын күрделі жөндеу және қайта жаңарту, сондай-ақ жерүсті ғарыш инфрақұрылымының жаңа объектілерін салу жұмыстары үшін 233 млн АҚШ доллары бөлінеді. Оған қазақстандық компанияларды барынша тарту жоспарланып отыр, деді ведомство басшысы Асқар Жұмағалиев. Аталған заң жобасын Сенат депутаттары бірауыздан мақұлдады.