22 Қаңтар, 10:41 740 0 Жаңалықтар Асыл ТҰМАР

Біздің түлектер шетелдік жұмысшыларды алмастыра алмайды

Сурет ғаламтордан алынды
Сурет ғаламтордан алынды

Батыс Қазақстан облысында арнайы құрылған комиссия шетелдік жұмыс күшін тартып келген 95 компанияның қызметін тексеріп, мыңға тарта заңбұзушылықты анықтаған. Бұл туралы 24.kz хабарлады.

Сондықтан Президент Қасым-Жомарт Тоқаев шетелдік жұмысшыларға берілетін квотаны едәуір қысқарту туралы тапсырма берген еді.

Бұл орайда облыстық ЖҚҮӘБ басқармасы басшысының орынбасары Самат Хангереев: «Биылғы Еңбек министрлігінің бұйрығына сәйкес облыс бойынша 1440 бірлік квота белгіленді. Былтырғымен салыстырғанда, 2 есеге қысқарды», – деді.

Оралдағы жоғары мұнай-газ колледжі дәнекерлеуші, құбыр және электр монтаждаушы секілді төртінші санатқа қажет болатын мамандар даярлайды. Колледж директоры Серік Мұхамбетәлиев: «Тап бүгін бітірген түлек шетелдіктерді алмастырып, нақты жұмыс істейді деген үлкен сенім жоқ. Біз әлі оған дайындалуымыз керек. Ол үшін біріншіден, мұғалімдерді тәлімгерліктен алыс-жақын шетелдердегі өндірістің өзінде 6 ай, 1 жылға жіберіп мұғалімдерді тәлімдемеден өткізуіміз керек. Екіншіден, материалдық-техникалық базамызды сол өндіріске жақындатуымыз керек», – дейді.

Шетелден келетін жұмысшылар, негізінен, аса дәлдікті талап ететін жоғары технологиялық жобаларда жұмыс істейді. Сарапшылардың айтуынша, мәселен, құбырларды байланыстырушы, нақты стандарттарға сай дәнекерлеуші мамандар дегендей. Ендігі міндет – қазақстандық кадрларды сол орындарға тарту.

Мұны аймақ басшылары да айтып отыр. «Ол үшін халықаралық деңгейдегі оқу орындарын ашу, білікті оқытушылар құрамын жасақтау басты міндет», – дейді.

Соңғы жаңалықтар