Алматыда «ақылды» бағдаршамдар жұмыс істейді

Алматыда «ақылды» бағдаршамдар жұмыс істейді

Алматыда «ақылды» бағдаршамдар жұмыс істейді
ашық дереккөзі
Еліміздің «Алматы қаласының ерекше мәртебесі» заңы аясында қала әкімдігі жол қозғалысын басқарудың автоматты жүйесін енгізу мен пайдаланудың жаңа ережелерін әзірлеуде. Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі бұл ережелер қаланың бағдаршам жүйесін модернизациялауға мүмкіндік береді. Биыл 93 бағдаршам зияткерлік көлік жүйесімен жарақтандырылады. Бұл құзырет қала тұрғындарының, мамандардың пікірін және халықаралық тәжірибені ескере отырып әкімдіктің бастамасы бойынша қолға алынуда. Осы мәселеге қатысты жүргізілген зерттеулер бағдаршамдарды жол жағдайына қарай бейімдеу қажет екенін көрсетті. «Биыл зияткерлік жүйенің алғашқы кезеңінде 93 бағдаршамды жарақтандыруды жоспарладық, қалғаны 2022 жылдың соңына дейін жүзеге асады», – деді Алматы қаласы қалалық мобильділік басқармасы басшысының орынбасары Қанат Байғоныров. «Ақылды» бағдаршамдар жолдағы қозғалысты өзі реттейді, қондырғы жүргізушілер үшін қолайлы уақытты (20 немесе 30 секунд) болжай алады. Бұдан өзге, Қ.Байғоныров бағдаршамдардың зияткерлік жүйесінің жолақтардағы, бағыттардағы көлік санын автоматты түрде санайтынын және көлік жылдамдығын анықтайтынын айтты. «Көлік ағынын тіркейді және сыртқы әсерсіз жол қозғалысын реттейтін болады. Осылайша, бағдаршамдар жолдағы жағдайға бейімделеді», – деді Қанат Байғоныров. Нәтижесінде «ақылды» бағдаршамдар «жасыл дәліз» құрады және қозғалыс әлеуетіне басымдық береді, ең алдымен қозғалыстың үлкен ағынын азайтуды басшылыққа алады әрі қоғамдық көлік қозғалысына ықпал етпек.