«Біз республика тұрғындарынан қолдау сұраймыз» – Павлодар Cарыарқа атануы мүмкін бе?

«Біз республика тұрғындарынан қолдау сұраймыз» – Павлодар Cарыарқа атануы мүмкін бе?

«Біз республика тұрғындарынан қолдау сұраймыз» – Павлодар Cарыарқа атануы мүмкін бе?
ашық дереккөзі
«Павлодардың атауы ауысады екен» деген ақпарат ға­лам­торда желдей есіп тұр. Алайда облыс әкімдігі бұл ақ­па­рат­ты жоққа шығарды, «Биыл Павлодар атауын ауыстыру мәселесі қарастырыл­майды».  aikyn.kz сайтының жазуынша, «2019 жылдың маусым айын­да­ғы Үкімет қаулысына сәйкес биыл ұлттық санақ жүргізіледі. Сол себепті республика аймақта­рын­да 2020 жылғы 1 қаңтардан 31 жел­тоқсанға дейінгі халық сана­ғын уақытылы және сапалы жүр­гі­зу мақсатында ономастика­лық мә­се­лелер, оның ішінде облыс ор­­та­лықтарының атауын өзгерту қа­рас­тырылмаған», – дейді Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметі. Бірқатар қоғамдық бірлестіктің өкілдері мен ақсақалдардың Пав­ло­­­дардағы кездесуі әкімдіктің осы­лай мәлімдеуіне себеп болып отыр. Басқосуда белсенділер Пав­ло­дар қаласының атауын Сарыарқа деп өзгертілуін қолдаған еді.

«Ақсақалдардың Сарыарқа атауын қолдағанына қуанышты­мыз. Енді біз қала тұрғындарынан ғана емес, облыс, республика тұр­ғын­­дарынан да қолдау жина­мақ­пыз» дейді қоғам белсендісі Сұңғат Сәрсембаев.

Оның сөзіне қарағанда, Сары­арқамен қатар, Ертіс, Тәшенов атауларын ұсынғандар да болыпты. Павлодар атауын ауыстыру туралы тақырып биыл көтеріліп отырған жоқ. Бұған дейін де Jebe қоғамдық ұйым өкілдері депутат Айзада Құрмановамен кездесуінде Павло­дарға Ертіс атауын берейік деп ұсы­ныс тастаған еді. Депутат оң көр­генімен, әлеуметтік желіде бұл ұсыныс қолдау таппады. Кейін Павлодар әкімдігі қала тұрғында­рын бұл тақырыпты талқыламауға шақырып, мұның ресми түрде қарас­тырылмағанын айтқан бола­тын. Бұған дейін де Кереку, Қимақ, Нұршахар, Нұркент деген атаулар ұсынылған. 2018 жылдың қараша айында Павлодар қаласының ата­уын өзгерту мәселесі қайта көте­ріл­ді. Бұған аймақтық билік орган­да­ры бұл мәселенің өзекті емес екенін айтып, әңгімені жылы жа­уып қой­ған еді. Ал қала Павло­дар ата­уын 1861 жылы иемденген еді. Одан бері де бір жарым ғасыр өтіп­ті.