Алматы облысында заманауи жеміс қоймасы ашылды

Алматы облысында заманауи жеміс қоймасы ашылды

Алматы облысында заманауи жеміс қоймасы ашылды
ашық дереккөзі
Шелек ауылы маңында қазіргі заман талаптарына сай жасақталған заманауи жеміс қоймасы жұмысын бастады. Алма мен өзге жемістерді сақтауға арналған тоңазытқыш қойма «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ қолдауымен іске асырылды. «Жоба еліміздің Ауыл шаруашылығы министрлігімен іске асырылатын АӨК дамыту бағдарламасы аясында жүзеге асты. Жалпы сомасы – 6,5 миллиард теңге, оның 4,5 миллиардтан астамын Аграрлық несие корпорациясы ұсынды, қалған ақша – инвестордың өз қаражаты», – деп атап өтті «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ Басқарма төрағасы Мұрат Дәрібаев.  width= «Alma Mater Fields» компаниясының жобасын корпорация кезең-кезеңмен 2017 жылдан бастап «Агроэкспорт» бағдарламасы бойынша қаржыландырды. Мемлекеттік қолдау шаралары жалпы сомасы 4,7 млрд теңгеден артық тамшылап суару және шпалерлік жүйе заманауи технологиясын пайдаланатын 120 және 90,5 га екі бақ отырғызуға, сондай-ақ реттелетін газдық ортасы бар 3600 тонна жеміс сақтау қоймасын құруға бағытталды. Тоңазытқыш кешен өнімді қаз қалпында 12 айға дейін сақтайды. Бұл отандық және шетелдік нарыққа балауса дәмді және шырынды жемістерді жыл бойы жеткізу мүмкіндігін тудырып отыр. Яғни, қыс мезгілінде қазақстандықтар жергілікті өнімді барынша төмен бағамен алуға қол жеткізеді. Жеміс қоймасы реттелетін газдық және ылғалдылық ортасы бар 18 тоңазытқыш камерамен жабдықталған. Кешеннің металл құрылысы – Қазақстанда жасалған, қаптауы – Ресейде өндірілген, қалған жабдық Голландиядан әкелінген.