Қытайдағы қауіпті вирусты жұқтырғандардың нақты саны белгілі болды

Қытайдағы қауіпті вирусты жұқтырғандардың нақты саны белгілі болды

Қытайдағы қауіпті вирусты жұқтырғандардың нақты саны белгілі болды
ашық дереккөзі
Мамандар Қытайдағы жаңа вирусты жұқтырғандардың нақты санын атады, деп жазады CNN. «Қытайдың Ухань қаласының билігі жаңа вирустан екі адамның қаза тапқанын, 45 адамның вирус жұқтырғанын мәлімдеді. Дегенмен, Лондонда жүргізілген зерттеу нәтижелері жаңа вирусты жұқтырғандар саны 1 қаңтарда 1723 адамға жеткенін хабарлады», деп жазады агенттік. Сонымен қатар ғалымдар вирус адамнан адамға жұғуы мүмкін екенін де анықтаған. АҚШ-қа былтыр Уханьнан 60 мың адам барған, сол себепті Америка үш әуежайда бақылауды күшейтті.