19 Қаңтар, 10:34 326 0 Денсаулық Анар ЛЕПЕСОВА

Елордада белгісіз жағдайда көз жұмған 8 жасар баланың өліміне байланысты тергеу басталды

Елордада 8 жасар бала белгісіз жағдайда қайтыс болды. Бұл туралы  Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті хабарлады. 

"Биылғы жылдың 14 қаңтарында, сағат 19:33-те кәмелеттік жасқа толмаған баланың өлімі жайлы ақпарат түсті. Оқиға орнына жедел-тергеу қызметкерлері барып, 2011 жылғы баланың өзін жайсыз сезінгенін білді. Баланың ата-анасы дәрігерлердің көмегіне жүгінгенде ақ халаттағылар баланы үйден емдеуге кеңес берген. Келесі күні баланың жағдайы күрт нашарлап, ол есінен танып қалады. Жедел жәрдем келгенше бала қайтыс болды", - деп жазылған хабарламада. 

Полиция басқармасында бұл факт бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталғанын ескерді. Сот-медициналық сараптамалар жүргізілуде. 

Соңғы жаңалықтар