Елбасы қоры: Исекешевтің орнын кім басты?

Елбасы қоры: Исекешевтің орнын кім басты?

Елбасы қоры: Исекешевтің орнын кім басты?
ашық дереккөзі

Қанат Жұмабаев Қазақстан Республикасы Тұңғыш президенті – Елбасы қорының атқарушы директоры болып тағайындалды. Бұл туралы Елбасының ресми сайтында хабарланды. 

"Жұмабаев Қанат Несіпбайұлы Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы Қорының Атқарушы директоры болып тағайындалды", - делінген ресми хабарламада.
Қанат Несіпбайұлы 1965 жылы дүниеге келген. М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін және Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтын (МГИМО) сыртқы экономикалық қызметтер үшін мамандар даярлау мектебін бітірген. «ҚазАстықТранс» ЖШС басқарма төрағасы, Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының қызметкері; «Алатау» Емдеу-сауықтыру кешені» АҚ президенті (2014 жылдан); Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы қорының атқарушы директоры қызметтерін атқарған.

2016 жылдың желтоқсанынан 2019 жылдың 25 наурызына дейін ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы қорының атқарушы директоры; 

2019 жылдың наурызынан ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы қоры атқарушы директорының орынбасары болды.

 2019 жылдың наурыз айынан 2020 жылдың қаңтарына дейін ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы қорының атқарушы директоры қызметін Әсет Исекешев атқарған болатын.