Аза тұту күні сауық-сайран құрған Ерейментау әкімі қандай жазаға тартылды?

Аза тұту күні сауық-сайран құрған Ерейментау әкімі қандай жазаға тартылды?

Аза тұту күні сауық-сайран құрған Ерейментау әкімі қандай жазаға тартылды?
ашық дереккөзі
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша Әдеп жөніндегі кеңесі кезекті отырысы өтті. Онда Ерейментау ауданының әкімі Абай Әлжановқа қатысты тәртіптік іс қаралды, деп хабарлайды ведомстоның баспасөз қызметі. Кеңесте айтылғандай, 2019 жылғы 28 желтоқсан Жалпыұлттық аза тұту күні Ерейментау ауданының кәсіпорындары мен ұйымдары жаңа жылдық кеш өткізген. Кешке Ерейментау ауданы әкімі Абай Әлжанов қатысқан. Әкімнің Әдеп кодексі талаптарын осылайша бұзылуы қоғам тарапынан сынға ұшырады. ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің өкілдерімен аталған факті бойынша қызметтік тексеру жүргізілілді. Оқиғаны тергеу барысында әкімдіктің және ауданның басқа да жергілікті атқарушы органдарының лауазымды тұлғалары, аудан ұйымдарының қызметкерлері сұралып, істің мән-жайына қатысты материалдар тексерілді. «Әдеп жөніндегі кеңес тәртіптік істі қарау қорытындысы бойынша қызметтік тергеу материалдарын зерделеп, Ақмола облысының әкіміне А. Е. Әлжановқа «қызметіне толық сәйкес еместігі туралы ескерту» түріндегі тәртіптік жаза қолдануды ұсынды», - деді Агенттіктің Ақмола облысы бойынша департаменті баспасөз хатшысы Жазира Тоқтар. Еске салсақ, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен 2019 жылдың 28 желтоқсанын жалпыұлттық аза тұту күні деп жарияланған еді.