Қазақстанда қанша Абай Құнанбайұлы тұрады?

Қазақстанда қанша Абай Құнанбайұлы тұрады?

Қазақстанда қанша Абай Құнанбайұлы тұрады?
ашық дереккөзі
Елімізде ұлы ақынның 17674 аттасы бар, Абай есімді қазақстандықтардың дені Түркістан облысында тұрады. Қазақстанда қазіргі таңда аты-жөні Абай Құнанбайұлы деп жазылатын 31 адам тұрады. Бұл туралы ұлттық экономика министрлігі статистика комитетінің Sputnik Қазақстан сауалына берген ресми жауабында айтылған. Қазір Қазақстанда аты мен тегі Абай Құнанбайұлы болып жазылған үш адам бар. Олар – Жамбыл, Қызылорда және Түркістан облыстарында. Ал құжатында аты мен әкесінің аты Абай Құнанбайұлы деп көрсетілген қазақстандықтар саны – 28. Ең көбі Түркістан облысында – он адам тұрады. Одан кейін: Алматы облысы – 3 Шығыс Қазақстан облысы – 3 Шымкент – 3 Ақтөбе облысы – 2 Алматы – 2 Павлодар облысы – 2 Ақмола облысы – 1 Қарағанды облысы – 1 Қызылорда облысы – 1 Сондай-ақ республикада ұлы ақынның 17674 аттасы бар. Абай есімді қазақстандықтардың дені – 2100 – Түркістан облысында тұрады екен. Алматы облысында 2062, ал Нұр-Сұлтан қаласында 1610 Абай бар.