Пәкістандағы қар көшкінінен 77 адам қаза тапты

Пәкістандағы қар көшкінінен 77 адам қаза тапты

Пәкістандағы қар көшкінінен 77 адам қаза тапты
ашық дереккөзі
Кашмирдегі қар көшкіннен қаза тапқандар саны 77-ге жетті. Бұл туралы CNN хабарлады.  Жергілікті билік өкілдері көшкіннің пайда болуына Нилум алқабында қалың қар жаууы әсер еткен деп мәлімдеді. Қаза тапқандардың саны әлі де артуы мүмкін. Пәкістанның премьер-министрі Имран Хан төтенше жағдайлар агенттігінен, әскерилер мен федералды министрліктерден зардап шеккен тұрғындарға гуманитарлық көмек көрсетуді сұрады.  Айта кетейік, биылғы қыс Пәкістанды қатты қыспаққа алды. Жергілікті халықтың айтуынша, соңғы жиырма жылда мұндай қатал қыс болмаған. Кашмирде жауған қар жолдарды жауып, байланыс қызметі үзілді, сонымен қатар электр энергиясын беру қызметі де нашарлады.