Біздің мұнайға Беларуссиядан сұраныс бар

Біздің мұнайға Беларуссиядан сұраныс бар

Біздің мұнайға Беларуссиядан сұраныс бар
ашық дереккөзі
Қазақстанның Энергетика министрлігіне белоруссиялық «Белнефтехим» концернінен мұнай жеткізуге сұраныс түсті. Бұл ақпаратты Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев растады, – деп жазды Tengrinews.kz. «Біздің министрлікке «Белнефтехимнің» өтініші келді. Ол елдің өкілдері мұнай тасымалын талқылау үшін Қазақстанға келуді жоспарлап отыр. Қазіргі уақытта мұнайды әртараптандырылған бағытқа жеткізіп жатырмыз және Беларусь тарапының ұсынысын қарастырамыз», – деді министр. Ноғаевтың айтуынша, Беларусь делегаттарының сапары 20 қаңтарға жоспарланған.