Қашаған кен орны туралы мәлімет – Энергетика министрлігі БАҚ өкілдеріне қапалы

Қашаған кен орны туралы мәлімет – Энергетика министрлігі БАҚ өкілдеріне қапалы

Қашаған кен орны туралы мәлімет – Энергетика министрлігі БАҚ өкілдеріне қапалы
ашық дереккөзі
Энергетика министрлігінің баспасөз Қашаған кен орнында газ өңдеу зауытын салу жобасы бойынша отандық және Қытай компаниялары арасында жасалған келісімшарт туралы БАҚ беттерінде тараған ақпарат шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді.  «Қазіргі уақытта бұл жоба бойынша барлық мәселе қаралу сатысында,   ешқандай уағдаластық және келісімшарт жасалған жоқ», – делінен хабарламада. Министрлік дерегінше, Ұлттық экономика (Қашаған ГӨЗ салу бойынша жұмыс тобы ҚР ҰЭ министрлігі жанынан құрылған – ред.) және Энергетика министрлігінің үйлестіруімен Қашаған газ өңдеу зауытын салуға дайындық қарқынды жүріп жатыр. Бұл жоба Қашаған кен орнынан 1 млрд текше метр шикі газ өңдеуге мүмкіндік береді. Нәтижесінде, еліміз бағалы экспорттық ресурс – тауарлы газдың қосымша көлемін алып қана қоймай, сондай-ақ, Қашаған стратегиялық кен орнында мұнай өндірудің шектеуін алып тастамақ. Қашаған газ өңдеу зауытын салу жобасы шикі газды жағу мен кері айдау орнына қайта өңдеудің Ұлттық бағдарламасы аясында іске асырылады.