14 Қаңтар, 18:49 439 0 Денсаулық Анар ЛЕПЕСОВА

Ауырмаған адамның сақтандыру қорына аударған ақшасы қайда жұмсалады?

Бір жыл бойы ауырмаған азаматтың  міндетті сақтандыруға аударған ақшасы қайда жұмсалады? Бұл сауалға «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының» Нұр-Сұлтан қаласы бойынша филиалының директоры Айдар Ситқазинов жауап берді. 

«Егер осы жылы ауырмаған болсаңыз - сақтандыруға аударған ақшаңыз қайтарылмайды. Медициналық сақтандырудың қағидасы: дені сау адам науқас үшін, бай адам кедей адам үшін төлейді. Егер биыл ауырмаған болсаңыз – сақтандыруға аударған ақшаңыз ауырған адамдардың еміне жұмсалады. Ал егер келесі жылы сіз ауырып қалсаңыз – сақтандыруға қанша жинағаныңызға қарамастан, сізге де толық медициналық қызмет түрлері көрсетіледі», - деді Айдар Ситқазинов бүгін елорда әкімдігінде өткен баспасөз мәслихатында.

Сондай-ақ, ол не себепті жеке клиникалар да қаржыландырылатынын түсіндірді. «Мұның бәрі медициналық ұйымдар арасында бәсеке болуы үшін керек. Бәсеке болған жерде жұмыс сапалы болады», - деді ол.

 

Соңғы жаңалықтар