13 Қаңтар, 18:53 5878 0 Әлеумет Анар ЛЕПЕСОВА

Тісін емдеткеннен кейін комаған түскен бүлдіршіннің жағдайы белгілі болды

Елордадағы жекеменшік тіс емханасында тісін емдеткеннен кейін екі аптадан бері есін жия алмай жатқан 2,5 жасар қыздың жағдайы әлі де ауыр. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен қызметтер қауіпсіздігі және сапасын бақылау комитетінің төрағасы Людмила Бюрабекова хабарлады. 

"Қыз бала әлі де ауыр жағдайда жатыр. "Доктор Бро" клиникасына жүргізілген тексеріс туралы өткен аптада айтылған еді. Қыз балаға көрсетілген медициналық қызмет көрсету кезіндегі заңбұзушылықтар аталды. Барлық материал құқықтық баға беру үшін Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаментіне жолданды. Әрі қарай істі құқық қорғау органдары шешеді", - деді Людмила Бюрабекова баспасөз мәслихатында.

Соңғы жаңалықтар