13 Қаңтар, 13:55 350 0 Аймақ Анар ЛЕПЕСОВА

Теміртауда көпқабатты үй өртеніп, екі адам көз жұмды

Теміртауда көп қабатты үйлердің бірінде пәтерден өрт шығып, екі адам қаза тапты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оқиға Уәлиханов көшесіндегі №9 үйде болған. Облыстық ТЖД берген ақпарат бойынша тоғыз қабатты үйдің алтыншы қабатындағы пәтерлердің бірінен түтін шыға бастаған.

Құтқарушылардың айтуынша, баспанада 16 шаршы метр аумақ өртке ораныпты. Оқиға орнынан 90 жастағы әжей мен оның 1981 жылы туған немересінің мәйіті табылған. Ал, әжейдің 1959 жылы туған қызын Ұлттық ұлан сарбаздары пәтерден аман алып қалып шығыпты. Қазір оқиғаның мән-жайы зерттеліп жатыр.

Соңғы жаңалықтар