Табиғат қорғау заңнамасын бұзғандарға 165 мың теңгеден айыппұл салынды

Табиғат қорғау заңнамасын бұзғандарға 165 мың теңгеден айыппұл салынды

Табиғат қорғау заңнамасын бұзғандарға 165 мың теңгеден айыппұл салынды
ашық дереккөзі
Түркістан облысында 6 қаңтар мен 5 ақпан аралығында «Браконьер» жедел профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр. Бұл іс-шараның негізгі мақсаты – табиғатты қорғау заңнамасы саласындағы құқық бұзушылықтар мен қылмыстың алдын алу, анықтау және жолын кесу, заңсыз аң және балық аулау, ағаш кесу және өзге де құқық бұзушылықтарды болдырмау. «Браконьер» іс-шарасы басталған үш күн ішінде табиғатты қорғау Түркістан облыстық полициясы қызметкерлері 43 әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады. Табиғат қорғау заңнамасын бұзушыларға 165 мың теңгеден астам айыппұл салынды. Рейд барысында тәртіп сақшылары жануарлар дүниесін пайдалану талаптары мен аң аулау ережелерін бұзудың 30 жайтын, балық аулау және балық ресурстары мен басқа да су жануарларын қорғау саласындағы 9 әкімшілік құқық бұзушылық дерегін және басқа да құқық бұзушылықтарды анықтаған. Сондай-ақ «Браконьер» жедел профилактикалық іс-шарасы барысында полицейлер браконьерлерден тіркелмеген 2 аңшы мылтығы, 20 кг заңсыз ауланған балық, 1 қайық және 200 м жуық балық аулау желісін тәркіледі.