11 Қаңтар, 15:00 325 0 Жаңалықтар Асыл ТҰМАР

Жалған сөйлеген екі азаматтың бас бостандығы шектелді

Сурет ғаламтордан алынды
Сурет ғаламтордан алынды

Қызылорда қаласының екі тұрғыны қылмыс жасалды деп өтірік сөйлегені үшін 6 ай мерзімге бас бостандығын шектеу жазасына кесілді.

ҚазАқпараттың жазуынша, бұл оқиға былтыр ақпан айында орын алған. Қаланың екі тұрғыны «әкімдік өкілдері мен құқық қорғау органдарының қызметкерлері өздеріне күш көрсетіп, заңсыз бостандығымыздан айырды» деген желеумен Қызылорда қалалық полиция басқармасына арызданған.

«Қылмыс жасалғаны туралы көрiнеу жалған сөз жеткiзгені үшін оларға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 419-бабы 2-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп, айыптау актісімен сотқа жолданды. Қызылорда қаласы №2 сотының үкімі негізінде айыпталушылардың әрқайсысына 6 ай мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды. Олар пробациялық бақылауға алынды», – деді Қызылорда облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

 

Соңғы жаңалықтар