Отандық теле-радио жұмысы тоқтайды

Отандық теле-радио жұмысы тоқтайды

Отандық теле-радио жұмысы тоқтайды
ашық дереккөзі
Елімізде радиолар мен телеарналар хабар таратуды уақытша тоқтататыны туралы "Қазтелерадио" акционерлік қоғамы өзінің ресми сайтында мәлімдеді. "2020 жылғы 15 қаңтарда сағат 03:00-ден 17:00-ге дейін жерсеріктік, цифрлық және аналогты эфирлік желілердің техникалық құралдарындағы сервистер жабылып, жоспарлы-профилактикалық жұмыстар жүргізіледі. Осыған байланысты, яғни жұмыстар жүргізілген кезде Қазақстанның барлық аумағында телерадиоарналарды ретрансляциялау уақытша тоқтатылады", – делінген хабарламада. "Қазтелерадио" АҚ тоқсан сайын жерсеріктік және эфирлік желілердің техникалық құралдарында сервистерді жаба отырып, жоспарлы-профилактикалық жұмыстар жүргізеді. Бұл жұмыстар телерадио хабарларын сапалы таратуды қамтамасыз ету үшін қажет, ал тоқсан сайынғы жоспарлы-профилактикалық жұмыстар сервисті ұзақ уақыт өшіруге мүмкіндік береді, сондықтан осы уақыт ішінде техникалық құралдарды жаңғырту бойынша қосымша жұмыстар да жүзеге асырылады.