10 Қаңтар, 14:31 1496 0 Жаңалықтар Асыл ТҰМАР

Қазақстанда баспана қымбаттайды – бұған мемлекеттік бағдарламалар ықпал етіп отыр

Сурет ғаламтордан алынды
Сурет ғаламтордан алынды

Қазақстанда үй бағасы қымбаттайды, бұған «7-20-25», «Нұрлы жер» бағдарламалары мен Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің ипотекалық бағдарламалары себеп болып отыр, – деп жазады inbusiness.kz.

Сарапшылардың сөзіне сенсек, жылжымайтын мүлік құнының қымбаттауына бірнеше себебі бар. Әуелі, бағаның көтерілуіне мемлекеттік тұрғын үй бағдарламалары ықпал етеді.

«7-20-25», «Нұрлы жер» сияқты бағдарламалардың арқасында нарықта сұраныс артып, баспана сатып алғандар көбейді, – дейді мамандар. Бұл өз кезегінде пәтердің қымбаттауына алып келмек.

Бұдан бөлек, елімізде құрылыс материалдары жеткілікті дәрежеде өндірілмейді. Яғни құрылыс үшін қажетті материалдар сырттан әкелінеді. Сондықтан баға валюта бағамына да байланысты дейді сарапшылар.

«Баға сәл көтерілуі мүмкін. Себебі, нарықта жақсы пәтер аз. Сондай-ақ мемлекеттік бағдарламалардың талаптарына сай келетін үй аз. Биыл ақпан айындаТұрғын үй құрылыс жинақ банкі пәтер алуға жақсы бюджет бөліп отыр. Дегенмен олардың талаптарына сай келетін пәтерлер көп емес, – дейді жылжымайтын мүлік агенттігінің коммерциялық директоры Әсем Ақанова.

Ал қолданбалы экономиканы зерттеу орталығының сарапшысы Әмина Бауыржанның айтуынша, пәтердің қымбаттауына мемлекеттік бағдарламалар себеп болып отыр.

«Қазіргі таңда жылжымайтын мүліктің қымбаттауына «7-20-25», «Нұрлы жер» бағдарламалары, сондай-ақ Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің ипотекалық бағдарламалары себеп болып отыр. Аталған бағдарламалар тұрғындардың сұранысын арттырды, ипотекалық несиелеу қолжетімді бола түсті. Яғни тұрғындар бұрынғыдан көбірек несие ала бастады. Статистика комитетінің хабарлауынша, былтыр баға 2018 жылмен салыстырғанда 10 пайызға қымбаттаған. Ал 2019 жылдың қарашасында ипотекалық несие көлемі 2018 жылдың сәйкес кезеңіне қарағанда 35 пайызға артқан», – дейді ол.

Соңғы жаңалықтар