Тұрғын үй ақысы қымбаттауда – соңғы бір айда 6 пайызға өскен

Тұрғын үй ақысы қымбаттауда – соңғы бір айда 6 пайызға өскен

Тұрғын үй ақысы қымбаттауда – соңғы бір айда 6 пайызға өскен
ашық дереккөзі
Елімізде үйлердің бағасы әлі де қымбаттап жатыр. Мәселен, соңғы бір айда жылжымайтын мүліктің құны 6 пайызға өскен, – деп хабарлайды Atameken Business. Статистика комитетінің мәліметі бойынша, былтырғы желтоқсанда жаңа пәтер құны бір шаршы метр үшін 293 мың 500 теңгені құрады. Барлық жағдайлары қарастырылған екінші нарықтағы үйдің ақысы болса, 6,2 пайызға артып, 200 мың 400 теңгеге жетті. Сондай-ақ пәтерлерді жалға алу құны 7,1 пайызға өскен. Өңірлерде жаңа тұрғын үйлердің ең жоғарғы өсімі Қостанайда байқалды. Онда, Мұнда бір шаршы метрдің құны 10,2 пайызға артып, 229 мың 800 теңгеге жетті. Сонымен қатар қымбаттау әдеттегідей республикалық маңызы бар қалаларда тіркелді. Ал ең арзан пәтерлер Петропавл мен Тараз қаласында. Онда бір шаршы метрдің бағасы 140 мың теңге шамасында.