9 Қаңтар, 15:33 275 0 Жаңалықтар Асыл ТҰМАР

Президент Өмірзақ Айтбаевтың отбасына көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев көрнекті ғалым, Ұлттық Ғылым академиясының академигі Өмірзақ Айтбаевтың қайтыс болуына байланысты оның отбасына көңіл айту жеделхатын жолдады, – деп хабарлайды akorda.kz.

«Өмірзақ Айтбайұлы Тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен бастап мемлекеттік тілдің мәртебесінің артуына өлшеусіз үлес қосты. Ол қазақ терминологиясының дамуына, тіл білімі мамандарының жаңа буынын қалыптастыруға зор еңбек сіңірген ұлағатты ұстаз және көрнекті ғалым еді. Қазақ зиялыларының арасында өзіндік орны бар қадірлі Өмірзақ Айтбайұлының ғылыми мұрасы ел болашағы мен ұлт игілігіне қызмет ете береді деп сенемін» делінген жеделхатта.

Соңғы жаңалықтар