Alǵys аяқкиім тігін цехы Алаштың алғысын алғысы келеді, бірақ...

Alǵys аяқкиім тігін цехы Алаштың алғысын алғысы келеді, бірақ...

Alǵys аяқкиім тігін цехы Алаштың алғысын алғысы келеді, бірақ...
ашық дереккөзі
Ақмола өңіріне шетелден қоныс аударған ағайындардың  ахуалымен  танысу барысында, «Отанға не бере аламыз?» деген елшіл азаматтарды да жолықтырдық. «Қазақстанда жеңіл өнеркәсіп дамымаған. Ал Қытайда мұны «үшінші кәсіп» дейді. Жеңіл өнеркәсіп дамымай, халықтың тұрмысы жақсармайды. Әрбір азамат жеке кәсіппен шұғылданбайынша, ол өзінің тұрмысын дұрыстай алмайды. Өз тұрмысын жақсарта алмаған адам үкіметке алақанын жаяды.  Әйткенмен, кәсіп ашып жатқан азаматтар да бар. Соның бірі кәсіпкер Бақытқазы Әкпархан деген азамат», – деп жол көрсетті Алтын Мәден­қызы.   Сонымен кәсіпкер Бақытқазы Әкпарханның шағын кәсіпор­ны­­ның тыныс-тіршілігімен және өзі­­нің де айтар уәжімен танысып қайт­тық. Бақытқазы Әкпархан Қытайдың Іле автономиялы облысы Құл­жа қа­ласы Күнес ауданынан атаж­ұрт­қа қоныс аударған. Қазір Ақмола облысы Қоянды ауылында тұрады. Інісі Айт­қазы мен Жұман Қытайда аяқкиім тігетін цехта жұмыс істеп, кәсіптің қыр-сырын меңгерген. Бұл елімізде та­былмайтын зәру мамандар. Бақыт­қазы осы інілерінің басын қосып, Algys атты аяқкиім тігу цехын ашқан. Цехта Әкпархандар отбасы жұмыс істейді. Цехтың ашылуына бір жыл болмай, сұраныс артқан. Алайда, жалпы на­рық­қа шығалмай отыр. Себептер көп дейді. «Қазірдің өзінде тапсырыспен алу­шылардың саны артып келеді. Тіп­тен, үлгермей қаламыз. Маман тапшы, техника да жетіспей жатыр»,  – дейді Айтқазы шебер. Бақытқазы Әкпархан: Қазір базарда Қытай аяқкиімдері арзан. Бі­рақ мәселе оның бағасы мен сапасында емес. Мәселе оның адам денсаулы­ғына әсері. Қытайда жасалатын арзан аяқкиімдердің көбі таза теріден ті­гіл­мей­ді. Ауа өтпейтін, ылғалды, иіс­тен­діретін жасанды терілерден тігі­леді. Табандары әртүрлі химиялық қал­дықтардан құйылады. Табан арқылы адам денесіне зиянды заттар бөлінеді. Көптеген ауру осындай сапасыз аяқ­киім­дерден болатыны дәлел­денген. Бұл елдегі азаматтардың ден­саулы­ғы үшін, болашақ ұрпақ үшін өте маңыз­ды. Қазірдің өзінде астаналық ау­қат­ты адамдар Қытай аяқкиі­мін кимей, біз секілді отандық цехтар­ға тапсырыс беріп, тіктіріп киеді. Ал басқа халыққа да денсаулық керек. Ол үшін цехты үлкейту, мамандар тарту, техникамен жабдықтау қажет болады. Оған өзіміздің жағдайымыз әлі де жетпей отыр. Ал Үкімет орта және шағын кә­сіпорын­дарды қолдайды деген соң біраз жерге бардық. «Бәлен жерде алтын бар, іздеп барсаң бақыр да жоқтың» кері. Қайда барсаң да бәрінде сол бітпейтін қалың қағаз. Оның үстіне 30 миллион құны бар мү­лікті кепілге қоюың қажет екен. Мен де 10 миллион болса, ешқайда бармас та едім», – деген кәсіпкер өз на­зын да жасырмады. Біз цехқа барғанда да алушы­лардың Algys-қа деген алғыс­тары­ның шексіз екенін де байқадық. Себебі аяқкиімдері сапалы. Тұтыну­шы­лар аяқкиімнің қалай тігілетінін өз көзімен көріп алады. Цехтың бір ерек­шелігі де осы екен. «Цех бір бөлек, дүкен бір бөлек болса алушылар кү­мән­данады. Жалпы сапалы өндірістің процесі жабық болмауы қажет» дейді тігіншілер.