Air Astana ұшақтары Ирак пен Иранның әуе кеңістігімен ұшпайды

Air Astana ұшақтары Ирак пен Иранның әуе кеңістігімен ұшпайды

Air Astana ұшақтары Ирак пен Иранның әуе кеңістігімен ұшпайды
ашық дереккөзі

Air Astana әуекомпаниясы Алматы мен Нұр-Сұлтаннан Дубайға рейстерді Ирак пен Иранның әуе кеңістігін айналып өту туралы шешім қабылдады.

Бұл жағдайда ұшу уақыты төмендегідей ұзарады: Алматы – Дубай  20 минутқа, Дубай – Алматы 10 минутқа, Нұр-Сұлтан – Дубай 55 минутқа Дубай – Нұр-Сұлтан 35 минутқа. "Air Astana жағдайды мұқият қадағалап отырады және қандай да бір өзгерістер болған жағдайда жұртшылықты хабардар етеді. Жолаушыларды рейстер кестесін airastana.com сайтында немесе брондау және ақпарат орталығының 244 4477 (Алматыдан) және 58 4477 (Қазақстанның басқа қалаларынан) телефондары бойынша, сондай-ақ +7 702 702 4477 телефондары арқылы тексерулерін сұраймыз", - делінген хабарламада.