2019 жылы қазақстандық сәбилерге ең жиі қойылған есімдер анықталды

2019 жылы қазақстандық сәбилерге ең жиі қойылған есімдер анықталды

2019 жылы қазақстандық сәбилерге ең жиі қойылған есімдер анықталды
ашық дереккөзі
Елімізде өткен жылы өмірге келген сәбилерге қандай есімдер жиі қойылды? Бұл сұраққа Ұлттық экономика министрлігінің статистика комитеті жауап іздеп көріпті.  2019 жылы ұлдар арасында ең танымал он есімнің тізімінде Әлихан көш бастап тұр. Былтыр 3816 сәбиге осы есім қойылған. Екінші орында –  Айсұлтан (3033), үшінші орында – Нұрислам (2304). Сондай-ақ, ТОП-10-ға Әмір (2227), Әлинұр (2130), Рамазан (1999), Әли (1915), Ислам (1634), Алдияр (1601) және Санжар (1588) есімдері кіреді. Ал қыздар арасында ең көп қойылған есім – Раяна (5151). Одан кейін – Медина (4924), үштікті Айзере есімі (4110) тұйықтап отыр. Бұдан бөлек, қазақстандықтар арасында Айлин (3908), Айша (3823), Аяла (3607), Асылым (3285), Айару (3014), Әмина (2915), Кәусар (2309) есімдері де танымал болды. Статистика комитетінің ақпаратына сүйенсек, қыздар арасында Айзере мен Раяна есімдері 2015 жылдан бері үздік үштіктен түспей келеді. Ал ұлдар арасында Әлихан, Айсұлтан және Нұрислам есімдері – төрт жыл бойы алдыңғы орындарда. Бұған дейін елімізде сирек қойылатын есімдердің тізімі жарияланған болатын. Мәселен, ұлдар арасында: Байқазақ, Саввелий, Бронислав, Растислав, Құдірет, Нұрәлем, Бейбарыс-Сұлтан, Мұхаммед-Раджаб, Ерлер, Ақихат, Елтұлға, Нұршашхан, Нұртұяқ. Қыздар арасында: Севостьяна, Еңлік Сұлу, Ақпатша, Андриана, Тұмарсұлу, Рабиям, Нұршаһ, Аксиния, Евангелия, Бриллиант, Сахара, Ақ-ниет, Мыңжылқы, Ақмамық, Тәслима, Нұрдариға, Ангела, Хұснижамал.