Түркістандықтар ұшақ апатынан қаза тапқандарды аза тұтты

Түркістандықтар ұшақ апатынан қаза тапқандарды аза тұтты

Түркістандықтар ұшақ апатынан қаза тапқандарды аза тұтты
ашық дереккөзі
Түркістан жұрты ұшақ апатынан қаза болғандарды аза тұтты.  Облыс, қала әкімшілігінің ғимаратынан бастап, барлық мемлекеттік мекемелер туларын төмен түсірді. Бүгінгі күнге жоспарланған мерекелік іс-шаралар мен ойын-сауықтар және корпоративтік кештер кейінге шегерілді. Жаңажылдық шыршаның шамы сөндіріліп, қаладағы барлық мерекелік безендіру мен иллюминациялар өшірілді,  деп хабарлайды «Хабар 24». «Ықылас» мешітінде әуе апатынан бақилық болған азаматтардың рухына құран бағышталып, дұға жасалды. Мешітке жан-жақтан жиналған жамағат шейіт болған марқұмдардың рухына рахым тіледі. Жақындарынан айырылып, жанарлары жасқа толған жандардың жан жарасы оңайлықпен жазылмайтынын айтып, марқұмдардың туыстарына сабыр тіледі.