24 Желтоқсан 2019, 13:04 495 0 Әлеумет Анар ЛЕПЕСОВА

Қарды уақтылы тазаламаған елордалық 50 компания 1 млн теңгеден астам айыппұл арқалады

Жұмысын немқұрайлы істегендердің ішінде  пәтер иелері коперативтері де бар. Бұл туралы  Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Сондай-ақ қыс маусымы басталғалы «Қалалар мен елді мекендерді абаттандыру ережелерін бұзу» бабы бойынша 23 мердігер ұйым әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Айыппұл сомасы 1 миллион 800 мың теңгеге жеткен. Айта кету керек, кеше қаланы қардан тазалау жұмыстарына 1 мыңнан астам арнайы техника мен 1652 жұмысшы тартылған. Нәтижесінде барлығы 1 млн текше метрден көп қар шығарылған.

Тэгтер қар тазалау

Соңғы жаңалықтар