"Асылып өлгім келді": Интернаттан қашып кеткен бала көрген қорлығын айтып берді

"Асылып өлгім келді": Интернаттан қашып кеткен бала көрген қорлығын айтып берді

"Асылып өлгім келді": Интернаттан қашып кеткен бала көрген қорлығын айтып берді
ашық дереккөзі

15 жастағы Дамир Серікұлының анасы балалар омбудсменімен бірге Алматыдағы нашар көретіндерге арналған интернат басшылығын орнынан кетірмек. Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлады. 

Бұдан бұрын бозбаланы еріктілер жабылып бүкіл қаладан іздеген еді. Қашып кетпес бұрын жасөспірім анасына хат жазып, сыныптастарымен болған кикілжің туралы айтып кеткен. Балалар омбудсмені Аружан Саин БАҚ-та балаға арнап үндеу жариялап, оның қайтуын сұраған. "Бәрі мені мұның барлығын ойдан шығарып, қашып кетті деп кінәлап отыр. Басында асылып өлгім келді, алайда асылатын шатыр таппадым. Барлық жер жабық тұрды", - дейді Островский атындағы көру қабілетінен айырылған және нашар көретіндерге арналған интернаттың оқушысы Дамир Серікұлы. Дамирдің сөзінше, интернатта жәбір көрген басқа да оқуышалар бар көрінеді. Бірақ оларды үндемеуге қинап отыр екен. "Бұл мектеп Алматыдағы нашар көретіндерге арналғандардың жалғызы болып табылады. Барлығы анасы қайда болған, неге алып кетпеген деп, мені кінәлауда. Жарайды мен оны үйге алып кетемін, бірақ сосын баламды үйде кім оқытады?" - деді Дамирдің анасы Айгүл Оралбаева. Балалар омбудсмені Аружан Саин жасөспірім мен оның анасының арызын қабылдапты. "Көбіне мұндай мекемелер бала мен анаға кінә таға салады. Әрине оларға өз атына кір келтірмеуі керек. Қазіргі күні полиция бөліміндерінде психологиялық-психиатриялық сараптама жүргізуге болады. Біз бұл іске араласатын боламыз. Алдағы уақытта тексеріс амалдары әділ өтеді деген сенімдемін", - деді Аружан Саин.