Энергетикалық кәмпиттен уланған жасөспірім құтқарылды

Энергетикалық кәмпиттен уланған жасөспірім құтқарылды

Энергетикалық кәмпиттен уланған жасөспірім құтқарылды
ашық дереккөзі
Атыраулық дәрігерлер энергетикалық кәмпиттен уланған баланы құтқарды. Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.  Хабарламаға сүйенсек, он жасар ер бала облыстық ауруханаға ес-түссіз күйде жеткізілген. Балақайдың ата-анасы жағдайдың мән-жайын түсіне алмаған. Ол жансақтау бөліміне жатқызылды. Жедел талдама нәтижесі құрамында кофеині бар заттан уланғанын көрсетті. Тиісті ем-дом шараларынан кейін бала есін жинаған. Олар үйге келгеннен кейін жеткіншек «Flush UP» энергетикалық кәмпитінің бірнешеуін сатып алып жегенін айтты. «Қазіргі уақытта кішкентай пациенттің жағдайы жақсы. Оның өміріне қауіп төніп тұрған жоқ», - дейді ақ халаттылар.