Самара – Шымкент тас жолындағы жантүршігерлік апаттың суреттері жарияланды

Самара – Шымкент тас жолындағы жантүршігерлік апаттың суреттері жарияланды

Самара – Шымкент тас жолындағы жантүршігерлік апаттың суреттері жарияланды
ашық дереккөзі
Ақтөбе облысында 11 көлік соқтығысып, 9 адам зардап шекті. Оның бесеуі ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі. Жол апаты 21 желтоқсанда күндіз Ақтөбе облысында Самара – Шымкент тас жолының 859 шақырымында болды.
Два ДТП с большим количеством транспортных средств произошло на трассе Самара -Шымкент
"11 автокөлік, соның ішінде екі жүк көлігі, сегіз жеңіл автокөлік және бір газель соқтығысты. Жол апаты салдарынан 9 адам зардап шекті, олардың бесеуі Хромтау қаласының ауруханасына жатқызылды", - деп мәлімдеді министрліктің баспасөз қызметі. Екінші жол апаты Әйтеке би ауданында болды. Екі жеңіл көлік соқтығысып, жүргізуші мен жолаушы оқиға орнында көз жұмды. Тағы бір жолаушы ауруханаға жеткізілді.
Самара-Шымкент тас жолындағы жантүршігерлік жол апаты Самара-Шымкент тас жолындағы жантүршігерлік жол апаты Самара-Шымкент тас жолындағы жантүршігерлік жол апаты
Бұдан бөлек, Ақтөбе облысында ауа райының бұзылуынан 60 автокөлік жолда қалып қойды. Барлық көлік кемпинг аумағына жөнелтілді. Жүргізушілер мен жолаушылар сол жерде жылынып, түнеп шықты. ІІМ мәліметінше, облыстық полиция мен төтенше жағдайлар департаменттері күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр. Министрлік қар мен көктайғақ кезінде қауіпсіздік шараларын сақтау керектігін еске салды.