Душанбеде Қазақстан медицинасының күндері өтуде

Душанбеде Қазақстан медицинасының күндері өтуде

Душанбеде Қазақстан медицинасының күндері өтуде
ашық дереккөзі
Екі күндік шараға еліміздің Денсаулық сақтау вице-министрі Олжас Әбішев бастаған 30-дан астам делегат қатысуда. Олардың қатарында отандық жетекші медициналық ұйымдар мен клиникалардың бірінші басшылары, санаторлық-курорттық ұйымдардың қызметкерлері, фармкомпаниялар, медициналық университет ректорлары бар. Шараның басты мақсаты – Тәжікстан мен Қазақстанның денсаулық сақтау жүйелері арасындағы ынтымақтастықты күшейту, медициналық ұйымдар арасындағы әріптестікті нығайту, екі ел азаматтары үшін медициналық көмек көрсетудің қолжетімділігі мен сапасын қамтамасыз ету жолында тәжірибе-білім, технология алмасу. Форум барысында Қазақстанның медицина саласындағы реформалар, практикалық медицинада қолданылатын инновациялар мен озық технологиялар таныстырылып, отандық медицинаның мүмкіндіктері мен жетістіктері баяндалатын презентациялар жасалады. Тараптар жеке тәжірибесімен, инновациялық және технологиялық жетістіктігімен алмасады. Диалогтық алаңда медициналық туризмді дамыту, ана мен баланың денсаулығын қорғау, репродуктивті хирургияның жетістіктері, кардиология саласында заманауи технологияларды қолдану, кардиохирургиялық қызметті дамыту және денсаулық сақтау саласын цифрландыру және т.б. медицинадағы өзекті мәселелер талқыланады. Іс-шараның екінші күнінде Душанбедегі жетекші медициналық ұйымдарда шеберлік сыныптары мен консультациялар өткізіледі.