Нұр-Сұлтан-Қостанай бағыты бойынша әуе билеті – 5999 теңге

Нұр-Сұлтан-Қостанай бағыты бойынша әуе билеті – 5999 теңге

Нұр-Сұлтан-Қостанай бағыты бойынша әуе билеті – 5999 теңге
ашық дереккөзі
FlyArystan-ның Нұр-Сұлтан-Қостанай бағыты бойынша жаңа әуе рейсі ашылды. Жалпы Airbus 320 әуе ұшағына 180 адам емін-еркі сыяды. Билет бағасы да қол жетімді. Небары 5999 теңгеден басталады. Обылыс әкімі Архимед Мұқамбетов Нұр-Сұлтан бағытынан Қостанай бағытына FlyArystan-ның алғашқы рейсін салтанатты түрде қала жұртшылығымен бірге күтіп алды. – FlyArystan бюджеттік әуе компания екенін өздеріңіз жақсы білесіздер. Қазақстандағы ең үлкен әуе компаниясы – AirAstana. Қостанай қаласы тұрғындары атынан AirAstana басшылығына зор алғысымды білдіремін, – деді облыс әкімі. Сонымен қатар FlyArystan-ның билет сату жөніндегі менеджері Жанар Жайлауова алдағы уақытта басқа қалаларға да әуе рейсі ашылатынын айтты. – Ол үшін облыс әкімдіктері және AirAstana компаниясынан қолдау керек, – деді Жанар Жайлауова. aikyn.kz