Елорда әкімі тілшілерге Абайдың өлеңін оқып берді

Елорда әкімі тілшілерге Абайдың өлеңін оқып берді

Елорда әкімі тілшілерге Абайдың өлеңін оқып берді
ашық дереккөзі
Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында журналистің өтініші бойынша Абайдың өлеңін оқып берді, деп хабарлайды Елорда Инфо
Баспасөз мәслихаты барысында тілшілердің бірі әкімге өтініш білдірді. «Елорда еліміздің мәдени рухани орталығы болу керек. Соның дәлелі жақында Үш алыпқа ескерткіш қойылды. Бұл іс өз жалғасын табады деген ойдамыз. Менің сұрағым келесі Ұлы Абайдың 150 жылдығы. Қала әкімдігі Абай көшесінде орналасқан, оның үстіне әкімдіктің жанында ұлы ақынның ескерткіші тұр. Менің сұрағым әкімдер Ұлы Абайды оқи ма? Оқыса дәл осы жерде бір шумақ өлең оқып беріңізші», - деді тілші. «Әрине6 Нұр-Сұлтан қаласы мәдени орталық. Елбасының бастамасымен «Астана Опера» театры салынды. Сондай-ақ, келесі жылы жаңа қазақ драма театрының ғимараты пайдалануға беріледі. Бүгінде елорда тұрғындарының театрға жиі баратындығы байқалады. Одан бөлек елорда ескерткіштері де өз аясын кеңейтетін болады. Алдағы уақытта қала ескерткіштеріне QR код орнатылады, сол арқылы ол кім және елге қандай еңбегі сіңгені туралы білуге болады», - деп жауап А. Көлгінов. Сонымен қатар, шаһар басшысы тілшінің өтінішін орындап ұлы ақынның нақыл сөздерін оқып берді. «Келесі жылы «Абай әлемі» орталығын ашамыз. Ол жерде тарихи деректер мен құнды заттар қойылады. Себебі ақынның ұлы сөздері қазіргі уақытқа дейін өзінің өміршеңдігін жоғалтқан жоқ. Мысалы, «Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей», «Ақырын жүріп анық бас, еңбегің кетпес далаға», «Сенбе жұртқа тұрсада қанша мақтап, әуре етеді ішінен қулық сақтап, өзіңе сен өзіңді алып шығар, еңбегің мен ақылың екі жақтап», - деді әкім.