Конститутцияны бұзған президент өлім жазасына кесілмек

Конститутцияны бұзған президент өлім жазасына кесілмек

Конститутцияны бұзған президент өлім жазасына кесілмек
ашық дереккөзі
BBC агенттігіне сілтеме жасаған «ҚазАқпараттың» жазуынша, Исламабадтағы арнайы сот алқасы Пәкістанның бұрынғы президенті Первез Мушаррафты мемлекетке опасыздық жасады деген айыппен өлім жазасына кесті. Дереккөздің жазуынша, айыпталушы қазір Дубай қаласында. 2013 жылы қозғалған қылмыстық іс бойынша үш судьядан тұратын алқа үкім шығарды, олардың екеуі өлім жазасына кесуге дауыс берген. 1999 жылы әскери төңкеріс нәтижесінде билікке келген генерал Первез Мушарраф 2001-2008 жылдары президент қызметін атқарды. 76 жастағы Мушарраф қазір Дубайда, оған 2016 жылы Пәкістаннан кетіп, емделуге рұқсат етілген. 2007 жылы өзінің биліктегі мерзімін ұзартып, ерекше жағдай енгізіп, конституцияны тоқтата тұруына қатысты Мушаррафқа айып тағылған болатын. Үкімге шағымдануға болады. Еске сала кетейік, желтоқсан айында экс-президент аурухана төсегінде жазылған бейнежазба жариялап, оған қатысты қылмыстық іс негізсіз деген болатын. Мушарраф – конституцияны бұзды деген айыппен сот алдына келген алғашқы мемлекет басшысы.