800 млн жымқырған қашқын директор неден қорқады?

800 млн жымқырған қашқын директор неден қорқады?

800 млн жымқырған қашқын директор неден қорқады?
ашық дереккөзі
«Astana Motorsports» командасының директоры Артур Ардавичус 800 млн теңге жымқырып, шетелге қашып кеткен. Ол қаржыны қазақстандық және шетелдік компаниялар арқылы қолма-қол ақшаға айналдырып, өзі иемденген. Қашқын директор түсініктеме беру үшін Қазақстанға келуден бас тартқан. Елордада өткен брифингте Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметінің екінші департамент басшысы Сергей Перов осылай деп мәлімдеді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл агенттігі 2016-2017 жылдары Қазақстандағы автоспортты дамытуға бөлінген қаражатты ұрлау бойынша тергеу жұмыстарын жүргізуде. «Оқу-жаттығу жиындары мен жарыстарды өткізуге өтінімдерді жоғарылату жолымен «Astana Motorsports» командасының директоры және капитаны Артур Ардавичус 800 млн теңгеден астам қаржыны жымқырғаны анықталды», – дейді Сергей Перов. «Ардавичус түсініктеме беру үшін бірнеше рет шақырылды, алайда шетелде болғандықтан келуден бас тартты. Осы жайттарды және Ардавичус мырзаның қылмыстық құқық бұзушылық жасағанын көрсететін жеткілікті дәлелдерді ескере отырып, оған қатысты сырттай «күзетпен ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берілді. Халықаралық іздеуге жариялау туралы материалдар сотқа жіберілді», – дейді Перов. Сондай-ақ, департамент басшысы тергеу амалдары арқылы ұрланған қаржының нақты сомасы әлі де анықталып жатқанын айтты. aikyn.kz