Төрт бала өртеніп кетті: ата-анасы ішімдікке құмар болған (видео)

Төрт бала өртеніп кетті: ата-анасы ішімдікке құмар болған (видео)

Төрт бала өртеніп кетті: ата-анасы ішімдікке құмар болған (видео)
ашық дереккөзі
Ресейдің Алтай аймағында өрттен алты адам қайтыс болды – олардың ішінде он, жеті және екі жастағы үш бала, сонымен қатар бір жасқа толмаған сәби де болған, – деп хабарлайды gazeta.ru. Төрт бала мен 32 және 35 жастағы екі ересек адамның мәйіті жеке тұрғын үйден табылды. Облыстық ТЖМ мәліметінше, өрт пеш жағудың ережесін сақтамау салдарынан болған. Марқұмдардың көршілері ерлі-зайыптының жиі ішетінін айтады. Тергеушілер Алтай аймағының алты тұрғынының өрттен қаза болуына қатысты іс қозғады. Облыстық ТЖМ хабарлағандай, өрт 13 желтоқсанда таңертең Завьяловка ауданының Глубокое ауылындағы жеке үйде болған. Қайғылы оқиғаға бірінші болып ерікті өрт сөндіру тобы келген. Ведомствоның хабарлауынша, өртті сөндіруге бір жарым сағат уақыт кетті. Өртті сөндіруге барлығы 28 адам мен 12 техника жұмылдырылды. Естеріңізде болса, осыған ұқсас қайғылы оқиға Қазақстанда да тіркеліп, тұтас елді дүр сілкіндірген еді. Ақпан айының 4-не қараған түні елорданың Көктал-1 шағынауданында жеке үйдің ауласындағы уақытша баспана өртеніп, кәмелетке толмаған бес қыз бала шетінеп кетті. https://www.youtube.com/watch?time_continue=5&v=kImoZomq5Zs&feature=emb_logo