12 Желтоқсан, 08:47 413 0 Технологиялар Túrkistan Gazeti

Цифрлы даму мәселесі талқыланды

Қазақстанның Премьер-Министрі Асқар Мамин АҚШ-тың Сан-Франциско қаласында цифрлық даму, венчурлық қаржыландыру және энергетика саласындағы жетекші әлемдік компаниялардың басшыларымен кездесті.

Дүниежүзілік экономикалық фо­румның «Төртінші өнеркәсіптік революция орталығының» басшылығымен өткен кездесуде инновациялық тех­ноло­гияларды реттеу саласындағы ын­тымақтастықтың перспективалы ба­ғыт­тары сөз болды. Нәтижесінде, «Астана» халықаралық қаржы орталығы мен «Төртінші өнеркәсіптік революция ор­та­лығы» арасында стратегиялық әріп­тес­тік құжатқа қол қойылды.

Ал 500 Startups венчурлық қорының бас­шысы К.Цаймен өткен кездесу қоры­тындысы бойынша QazTechVentures АҚ қазақстандық ұлттық даму институтын 500 Startups V Жаһандық қорына қосу туралы келісім мақұлданды. Бұл құжат елімізде тақырыптық венчурлық қор құруға мүмкіндік бермек.

Сонымен қатар Премьер-Министр Tesla компаниясының кеңсесі мен зауытын аралады, онда компания басшы­лы­ғымен кездесу аясында Қазақстанда жанар-жағармай құю стансалары желі­сін кеңейту және электромобильдер үшін сервис орталықтарын ашу мәсе­ле­лері қаралды.

 

Соңғы жаңалықтар