11 Желтоқсан, 18:46 545 0 Әлеумет Анар ЛЕПЕСОВА

Қандастардың азаматтық алуы жеңілдейді

Қазақстанда этникалық қазақтарға азаматтық беру процесі жеңілдейді.

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне көші-қон процестерін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы Мәжілістің бірінші оқылымында мақұлданды.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетовтың айтуынша, құжат қабылданса қандастарымызға азаматтық беруде олардың бұрын Қазақстан азаматы болмағаны басты талап болып саналады. Ал қазіргі заңнамаға сәйкес, оралман мәртебесін алу үшін этникалық қазақтар Қазақстан тәуелсіздік алғанға дейін өзге мемлекетте тұрғанын растауы тиіс.

Айта кетейік, бұл жағдайда 1991 жылдан кейін туғандар мұндай анықтама бере алмайды.

Соңғы жаңалықтар