11 Желтоқсан, 10:40 376 0 Жаңалықтар Асыл ТҰМАР

Өскеменге тасып жатқан уранның экологияға зияны қандай?

Өскемендегі Үлбі металлургиялық зауытына төмен байытылған уранның екінші және соңғы партиясы жеткізілді, деп хабарлады «Хабар 24» арнасы.

Алғашқысы шамамен 2 ай бұрын тасымалданған. Қазір зауыт аумағында орналасқан «Төмен байытылған Уран банкінде» 90 тоннаға жуық уран қоры бар. Уран банкін Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттік бақылайды. Мамандар «Оның қала экологиясы мен халықтың денсаулығына кері әсері бар деуге ешқандай негіз жоқ» дейді.

«Төмен байытылған уран банкі» жобасының директоры Марта Феррари: «Бұл – баламасы жоқ  бірегей жоба. Төмен байытылған уран банкі  ол жекелеген мемлекеттерге ядролық отын өндіру үшін шикізат қорын қалыптастырады. Қазақстан аумағында аталған банктің орналасуы бекер емес екені анық, өйткені бұл елдің уран өндіру тәжірибесі мол», – дейді.

Ал уранның «қоршаған ортаға аса қаупі туралы әңгіме қозғаудың өзі артық» деген басшылар қауіпсіздікті сақтап отырғанын айтады.

Энергетика министрлігі атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті төрағасының орынбасары Гумар Серғазин: «Бұл – ешқандай да қалдық емес, кәдімгі гексафторидті уран. Мына цилиндрлердің ішінде қатты күйде сақталған. Бұлардың барлығы үлкен сынақтан өткен», – дейді. Телеарнаның мәліметінше, Қазақстан әлемдегі ядролық қауіпсіздікті сақтауға елеулі үлес қосуға әзір екенін дәлелдеп отыр.

Соңғы жаңалықтар