10 Желтоқсан, 13:14 382 0 Жаңалықтар Асыл ТҰМАР

Шәкіртақы қанша пайызға өседі?!

2020 жылдан бастап студенттердiң шәкiртақысы өседi. Бұл туралы Жастар жылының жабылу салтанатында еліміздің Президентi Қасым-Жомарт Тоқаев  мәлiмдеді.

«Студенттердi қолдау мақсатында, 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап бакалавриат, магистратура және докторантура студентерiнiң шәкiртақыларын 25% көтеру туралы шешiм қабылдадым. Жалпы, олардың саны қазiр 130 мыңды құрайды», – деп атап өттi Президент.

Келер жылы колледж студенттерiнiң шәкiртақысы да көтерiледi. «Осы жылдың қыркүйегiнде жұмыс мамандығында оқып жүрген 122 мың адамның шәкiртақысы 30 пайызға өстi. Менiң тапсырмам бойынша, 2020 жылдың қаңтар айынан бастап колледж студенттерiнiң шәкiртақысы да 25% артады. Олардың саны 100 мың адамды құрайды»,– деп түйдi сөзiн Қасым-Жомарт Тоқаев.

Айта кетейiк, студенттер шәкiртақысы 2016 жылдан берi көтерiлмеген екен.

Соңғы жаңалықтар