10 Желтоқсан, 12:23 355 0 Жаңалықтар Асыл ТҰМАР

Бір мезетте 20 шақты көлік соқтығысты

Жамбыл облысында бір мезетте 20-ға жуық көлік жол апатына ұшырады.

«Астана» телеарнасының хабарлауынша, жол-көлік оқиғасы Ақшолақ ауылы маңындағы «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» күре жолының 472-шақырымында болды. Алдын ала дерек бойынша, жолаушылар аман-есен. Екі адам жарақат алып, ауруханаға жеткізілген. Апатқа ұшырағандар арасында Қордайдан Таразға науқасты алып келе жатқан жедел жәрдем көлігі де бар. Жол-көлік оқиғасы қалың тұман мен жаңбырдан кейінгі көктайғақ кесірінен болған.

Тайғанап тоқтай алмаған көліктер біріне-бірі барып соғылған. Жамбыл облыстық полиция департаменті Полиция қызметі басқармасы басшысының орынбасары Самат Құсайынов: «Кінәлі кім? Біріншіден, әр жүргізушінің өзі кінәлі деп есептейміз. Өйткені біріншіден тұман, екіншіден, жолдың үсті мұз болған. Жүргізушілер соны ескермеген. Оның ішінде екі жүк көлігі болып отыр. Жедел жәрдем көлігі науқасты алып келе жатқан. Ауруханаға жеткізілді», – деді.

 

Соңғы жаңалықтар