7 Желтоқсан, 15:10 573 0 Жаңалықтар Асыл ТҰМАР

Жүрегі алты сағатқа тоқтап қалған әйел қайта тірілді

Дәрігерлер жүрегі алты сағат бойы соқпай тұрған британ азаматшасын құтқарып қалды. Бұл туралы ВВС хабарлады. Мамандар бұл жағдайды құдайдың құдіретіне балап отыр. Қазір науқастың жағдайы жақсы. Толық жазылған соң тауға шықпақ ниетте.

Британиялық Одри Шуман Барселонаға қоныс аударған. Қараша айында күйеуімен бірге Пиренейге жаяу шықпақ болады. Алайда сапар кезінде қарлы боранға тап болып, әйелді үсік шалған. Денесі жансыздана бастаған жұбайын көрген Роан құтқарушыларды шақырыпты. Алайда көмек келіп жеткенше екі сағат өтіп кеткен. Ол кезде Одридің дене температурасы 18 градус Цельсиге дейін жетеді.

Мамандардың айтуынша оны тірі алып қалған да осы аяз. Дәрігер Эдуард Аргудо Одридің жүрегі қалыпты температурада тоқтап қалғанда оны құтқару мүмкін болмайтынын жеткізді. Медиктердің күрделі операциясынан кейін науқастың жүрегі қайта соға бастаған. Осы уақыт арасында алты сағат өтіп кетіпті. Шуман 12 күннен кейін ауруханадан шықты.

Соңғы жаңалықтар