2020 жылы көпбалалы отбасылар қандай жәрдемақы алады?

2020 жылы көпбалалы отбасылар қандай жәрдемақы алады?

2020 жылы көпбалалы отбасылар қандай жәрдемақы алады?
ашық дереккөзі
Үкiмет басшысының орынбасары Бердiбек Сапарбаев көп көпбалалы отбасыларға берiлетiн жәрдемақының жаңа механизмiн түсiндiрдi. 2020 жылдың қаңтарынан бастап ХҚКО атаулы әлеуметтiк көмектiң төлемдерiнiң жаңа механизмi күшіне енеді. "Сiздер жаңа механизм енгiзiп жатқанымызды бiлесiздер, үш түрi болады. Көпбалалы отбасыларға (төрт баладан жоғары) табысына қарамастан мемлекеттiк арнайы жәрдемақы төленедi. Төрт не одан да көп баласы бар отбасыларының барлығына төленедi. Екiншiсi - АӘК. Ол қала бередi, алайда бұрынғы механизммен төленетiн болады, бұл жерде күнкөрiс минимумы ескерiледi. Үшiншiсi - кепiлдендiрiлген әлеуметтiк пакет те төленедi", - дедi Бердiбек Сапарбаев. Сапарбаевтың айтуынша, жаңа жәрдемақы алу үшiн құжат тапсыру кезiнде уақыт шектеуi болмайды екен.  "Бiз қазiр берекетсiздiк болмас үшiн алдын ала адамдарды дайындап, құжаттарды тапсырып үлгеруiне жағдай жасап жатырмыз. Сiздер бiлесiздер, қаңтарда бәрi жүгiредi, соны ертерек атқару қажет", - деп қорытындылады вице-премьер.