Биыл азық-түлік бағасы 10 пайызға қымбаттаған

Биыл азық-түлік бағасы 10 пайызға қымбаттаған

Биыл азық-түлік бағасы 10 пайызға қымбаттаған
ашық дереккөзі
 width= Бір жылда азық-түлік тауарларының бағасы (2018-2019 жылғы қараша айларындағы көрсеткіш) 9,7% өсті. Нан өнімдері мен жармалар, ет, балық және теңіз өнімдері, сүт өнімдері, жұмыртқа, май және тоңмай, кондитерлік өнімдер, жаңа жиналған көкөністер мен жемістер, алкогольсіз сусындар және алкогольді ішімдіктер қымбаттады, ал қант арзандаған. 2019 жылғы қарашада жарма өнімдері тобында қарақұмық жармасының орташа бағасы килограмына 300 теңге (2018 жылғы қарашада – 248 теңге), сұлы жармасы – 350 теңге (322 теңге), сөк – 370 теңгені (230 теңге), күріш 385 теңге (317 теңге) болды. Құмшекер келісінің орта бағасы биыл –  199 теңге, былтыр 244 теңге болған. Биыл сүт өнімдерінен сүзбенің келісі – 1592 теңге (2018 жылғы қарашада – 1592 теңге), қаймақ – 1102 теңге (1051 теңге), айран – 293 теңге (284 теңге), пастерленген сүт 250 теңге (225 теңге).